5 қыркүйек күні сағат 9.30-да Конституциялық Соттың ғимаратында «Орталық Азиядағы HELP» бағдарламасының аясында «Конституциялық Сотқа жеке-дара өтініштер – адам құқықтарының бұзылуына байланысты құқықтық қорғау құралы ретінде» тақырыбында семинар (Workshop) ұйымдастырылады.
Шараға ҚР Конституциялық Сотының судьялары, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері, Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың судьясы, мемлекеттік органдардың, адвокаттар алқасының, жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ отандық және халықаралық сарапшылар қатысады.
Диалогтік алаңда азаматтардың конституциялық бақылау органдарына өтінішпен жүгіну ерекшеліктері, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа және Ұлттық конституциялық соттарға шағымдарды қабылдау саласындағы халықаралық тәжірибе талқыланады.
Семинар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.