
Қазақстандық Конституциялық Сот судьяларының Өзбекстан Республикасы Конституциялық Сотының делегациясымен кездесуі өтті.
Шетелдік әріптестердің жұмыс сапары тәжірибе және ақпарат алмасуға, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне арналды.
Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова қонақтарға қазақстандық конституциялық бақылау органының қызметі және ерекшеліктері жайлы, сондай-ақ 2022 жылғы конституциялық реформаның негізгі бағыттары туралы айтып берді.
Өз кезегінде Өзбекстан Конституциялық Сотының судьясы Абдуманноб Рахимов қазақстандық әріптестерін келе жатқан Конституция күнімен құттықтап, елімізге бейбітшілік пен өркендеу тіледі.
Кездесу барысында А.Рахимов Өзбекстан Республикасының Конституциясына ағымдағы жылғы сәуірдегі референдум нәтижесінде қабылданған түзетулер туралы айтты.
Кездесу соңында тараптар екі елдің конституциялық бақылау органдары қызметінің практикасы бойынша тәжірибе алмасуды жалғастыруға келісті.