Конституциялық Соттың Төрағасы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Орталық Азия форумына қатысты

Конституциялық Соттың Төрағасы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Орталық Азия форумына қатысты

Астанада 2023 жылғы 13-14 шілдеде Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Орталық Азия форумы өтуде. Шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) және Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Форумға қатысушылар қауіпсіздіктің жаһандық сын-қатерлері мен әріптестік жолдарын қайта қарастыру, реформалардың тепе-теңдігін қамтамасыз ету, демократия мен қауіпсіздік, Орталық Азиядағы жаһандық сын-қатерлерге ден қою процесі мәселелерін талқылауда. Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен ҚСЗИ директоры Еркін Тукумов кіріспе сөз сөйледі. Бас сессия спикерлерінің қатарында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары Аида Балаева мен Ержан Қазыхан, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Владимир Воронков, ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Терхи Хакала болды. Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова жаһандық өзгерістер аясында Қазақстандағы саяси реформалар, мемлекеттік басқарудың жаңа парадигмалары, сондай-ақ жаһандық және өңірлік ауқымдағы қазақстандық бастамалар мәселелері талқыланған форумның бірінші панельдік сессиясына қатысты.

Эльвира Азимова сессия модераторының сұрағына жауап бере отырып, құқықтық және саяси реформаларды ілгерілетудегі адами капиталдың маңыздылығын, мемлекеттік басқарудағы адам бағдарлануын тереңдетудің өзектілігін, заң шығару бастамалары шеңберінде жағымсыз салдарлардың алдын алудың жаңа құралдарын іздестіру мен енгізудің өзектілігін, халықаралық бастамаларды ілгерілету кезінде аймақтандырудың келешегі мен өзектілігін атап өтті.

Форум жұмысына белгілі саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, дипломаттар, заңгерлер мен экономистер қатысуда.

Форум туралы ақпарат сілтеме арқылы: https://astanacentralasianforum.org/kk/forum/