
Қазақстан Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Түркия Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Зухту Арсланмен кездесу өткізді.
Кездесу Бакуде а.ж. 4 шілдесінде Әзербайжан Конституциялық Сотының 25 жылдығына арналған халықаралық конференция аясында өтті.
Кездесу барысында екі елдің конституциялық соты басшылары одан әрі екіжақты ынтымақтастық мәселелерін ғана емес, сонымен қаьар түркітілдес елдердің конституциялық бақылау органдарының (TURK-AY) конференциясы шеңберінде де талқылады.
Түрік тарапы қазақстандық конституциялық бақылау органы аппаратының қызметкерлерін Түркия Конституциялық Соты жанындағы ғылыми орталық базасындағы тренингтерге қатысуға шақырды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру туралы екіжақты меморандум жасасу туралы келісті.