Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов пен Аппарат басшысы Зере Утебаева Xi'an Jiaotong University (ҚХР) заңгер-ғалымдарымен кездесіп, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қызметі және 2022 жылғы республикалық референдум қорытындысы бойынша қабылданған конституциялық новеллалар туралы хабарлады.
Профессор Шан Вэнхуа өз еліндегі конституциялық іс жүргізу Жоғарғы Соттың құзыретіне жататынын атап өтіп, университеттің заң саласындағы ғылыми-практикалық қызметі туралы айтты.