Азамат еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдау құқығын қорғау үшін жүгінді

Азамат еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдау құқығын қорғау үшін жүгінді

Конституциялық Сотқа азамат С.Құрбанов «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 34-бабы 5-тармағының (осы баптың 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген негіздерді теріс негіздеме ретінде тану бөлігінде) Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішпен жүгінді.

Дауланған нормаға сәйкес судьяның кәсiби жарамсыздығына орай судьяның атқаратын лауазымына сай келмейтiнi туралы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешiмi төрағаның, сот алқасы төрағасының және судьяның өкiлеттiктерін тоқтату негiз болып табылады.

Өтініш субъектісі судьяның өкілеттігін теріс себептермен тоқтату оған еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауда конституциялық құқығын іске асыруға өмір бойы кедергі келтіреді деп санайды.

Отырыс барысында судьялар өтініш субъектісін, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Әділет министрлігінің өкілдерін тыңдады.

Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес жарияланатын болады.

Барлық өзекті жаңалықтар КС телеграмм-арнасында - https://t.me/ConstitutionalCourt_KZ