
Конституциялық Сотта азаматтың Қылмыстық-процестік кодекстің 107-бабының төртінші бөлігінің, 484-бабының екінші бөлігінің 3) тармағының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініші бойынша отырыс өтті.
Аталған ережелерді даулай отырып, өтініш субъектісі бұл нормалардың айқын еместігі Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтарды, атап айтқанда Конституцияның 13-бабы 2-тармағының нормаларын бұзатынын мәлімдеді - әркімнің сот арқылы қорғалу құқығы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық кепілі болып табылады.
Судьялар өтініш субъектісін және оның өкілін, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның және Әділет министрлігінің өкілдерін тыңдады.
Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық Заңның 65-бабына сәйкес жарияланатын болады.