Конституциялық Соттың Төрағасы Азия-Тынық мұхиты форумының өкілдерімен кездесті

Конституциялық Соттың Төрағасы Азия-Тынық мұхиты форумының өкілдерімен кездесті

Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова мен аппарат басшысы Зере Утебаева Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Азия-Тынық мұхиты форумының халықаралық сарапшыларымен кездесті. Кездесуге БҰҰ БЖКБ аймақтық бөлімінің ұлттық бағдарлама үйлестірушісі Орталық Азия үшін өңірлік бөлімшесінің ұлттық бағдарлама үйлестірушісі Илима Бокошова және БҰҰДБ Еуропа және Орталық Азия үшін Стамбул өңірлік бюросының құқық үстемдігі, қауіпсіздік және адам құқықтары саласындағы саясат мәселелері жөніндегі маманы Айнұр Беккоенова қатысты.

Кездесу барысында тараптар елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды талқылады, олардың мақсаты — адамға бағытталған құқықтық мемлекет құру. Азимова қатысушыларды конституциялық бақылау органына жүгіну субъектілерінің шеңберін кеңейту туралы хабардар етті, атап айтқанда азаматтарға, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге және Бас Прокурорға жүгіну құқығы берілді, осылайша адам құқықтарын қорғау қызметі бар органдар мен лауазымды адамдардың рөлі күшейтіледі.

Азия-Тынық мұхиты форумының делегациясы конституциялық реформа аясында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және оның аппараты атынан ұлттық құқық қорғаушы институтының қол жеткізілген нәтижелері мен одан әрі даму әлеуетін бағалау мақсатында Қазақстанға сапармен келді. Жұмыс сапары барысында делегация азаматтық қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың өкілдерімен, сондай-ақ лауазымды тұлғалармен кездесулер өткізді.

Бағалау қорытындылары БҰҰ шеңберіндегі Ұлттық құқық қорғаушы мекемелерінің жаһандық альянсы (ҰҚМЖА) шеңберінде шешім қабылдау процесінде аккредиттеудің келесі кезеңі туралы мәселені қарау кезінде, оның ішінде адам құқықтары жөніндегі кеңестің және басқа да тетіктердің жұмысында назарға алынатын болады.