
ҚР Конституциялық Сотының судьясы Асан Ескендіров «Конституция демократиялық құқықтық мемлекет құрудың негізі ретінде» атты Халықаралық конференцияға қатысты. Оған Орталық Азия, Еуропа елдерінің конституциялық бақылау органдарының, Венеция комиссиясының, Еуропалық Одақтың, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қатысушылар конституциялық сот төрелігі, құқық үстемдігі және қоғамдағы конституционализмді ілгерілетудегі ақпараттық-ағартушылық жұмыстың маңыздылығы мәселелері бойынша пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров бейнеконференцбайланыс бойынша конференцияға қатысушыларды құттықтады, маңызды тақырыптарды талқылаудың өзектілігін атап өтіп, баршаға табысты да нәтижелі жұмыс тіледі.

Ескендіров әріптестеріне елімізде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған конституциялық реформалардың қорытындылары, 2023 жылдың басынан бастап Конституциялық Сот институтының қызметі туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, қатысушыларға бес ай ішінде Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдау туралы хабарланды. Судья өз сөзінде Конституциялық Сот азаматтардың конституциялық бақылау органына жүгіну тәртібі туралы құқықтық хабардарлығын арттыруға үлкен мән беретінін, сондай-ақ Конституциялық Сот төрелігі саласындағы үздік тәжірибелермен алмасу үшін бірлескен диалог алаңдарын ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.