
Конституциялық Соттың судьясы Айжан Жатқанбаева мен КС Аппаратының Басшысы Зере Утебаева бастаған қазақстандық делегация Сеул қаласында өткен Азиялық конституциялық соттар және баламалы институттар қауымдастығының зерттеу және дамыту хатшылығының (АКСҚ ЗДХ) 4-ші Халықаралық симпозиумына қатысты.
Корея Конституциялық Соты мен АКСҚ ЗДХ ұйымдастырған іс-шарада қатысушылар тікелей және жанама қолжетімділіктің нақты түрлерін, сот тәртібімен қараудың қолайлылығы мен мүмкіндіктері мәселелерін, сүзгүлеудің институционалдық тетіктерінің жұмыс істеуін және қолжетімді құқықтық қорғау құралдарының нысандарын талқылады.
А.Жатқанбаева өз сөзінде қатысушыларды Қазақстан Конституциялық сотының қызметі мен ерекшеліктері туралы хабардар етіп, бұл орган мемлекет, қоғам және адам мүдделері арасындағы оңтайлы теңгерімді табуды мақсат етіп, қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге жауап беретін және бұл ретте шындықтан алшақтамайтын құқық үстемдігін одан әрі қамтамасыз етуді мақсат етіп отырғанын атап өтті.
«Бұл сын-қатерлер конституциялық сот төрелігіне жеке-дара қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету жолындағы ажырамас бөлік болып табылады», - деді Жатқанбаева.
Қорытындылай келе, қатысушылар Азиядағы заң үстемдігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және озық тәжірибені зерделеуге дайын екендіктеріне сенім білдірді.