Конституциялық Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің отырысында елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі талқыланды

Конституциялық Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің отырысында елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі талқыланды

Каспий қоғамдық университетінің ғимаратында Конституциялық Кеңес пен Конституциялық Соттың сабақтастығы мәселелерін, сондай-ақ конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Конституциялық Соттың жыл сайынғы жолдауының жобасын талқылауға арналған Ғылыми-консультативтік кеңестің (ҒКК) кезекті отырысы өтті.

Шара КС судьяларының, ҒКК мүшелерінің, сондай-ақ университет басшылығының қатысуымен өтті.

ҒКК мүшесі, Каспий қоғамдық университетінің профессоры Алипаша Караев өз сөзінде сабақтастық қағидатын сақтау құқықтық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды екенін атап өтті. "Бұл конституциялық бақылау органдарының шешімдері арасындағы өзара байланысқа олардың құқықтық ұстанымдарының өзгеру динамикасын қадағалауға, саяси, тарихи және өзге де факторлардың олардың мазмұнына ықпалын көрсетуге, олардың конституциялық процестердің мазмұнына әсерін айқындауға мүмкіндік береді", - дейді Караев.

Сонымен қатар, ҒКК қатысушылары Конституциялық Сот сабақтастық қағидатын талдау кезінде Кеңестің шешімдерінен жаңартылған Конституция нормаларына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуін ескеруі қажет екенін айтып өтті. Конституциялық Сот Кеңестің саясатын қай бөлігінде жалғастырып, құқықтық мирасқор бола алады, немесе қандай жағдайда қазіргі жағдайды және жаңа саяси-құқықтық жағдайды ескере отырып, өз құқықтық ұстанымдарын дамытуы тиіс деген мәселелер қарастырылуы керек.

Күн тәртібіндегі тақырыптардың бірі Конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Конституциялық Сот жолдауының жобасы болды.

Конституциялық Сот Негізгі заңға және «Конституциялық Сот туралы» Конституциялық заңға сәйкес конституциялық іс жүргізу практикасын қорыту нәтижелері бойынша жыл сайын Парламентке елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдау ұсынады. Онда Конституциялық Сот жоғары заң шығарушы орган тарапынан және құрылымдарға ерекше назар аударуды талап ететін норма шығарумен және құқық қолданумен байланысты ең проблемалық аспектілерге назар аударады.

КС судьялары ағымдағы жылдың бес айында 3 мыңға жуық өтініш келіп түскенін, оның қорытындысы бойынша 16 қорытынды шешім қабылданғанын атап өтті. Конституциялық іс жүргізу нәтижелері бойынша нормаларды Конституцияға сәйкес деп тану – 50%, Конституциялық Соттың осы түсіндірмеде нормаларды Конституцияға сәйкес деп тану – 36% және нормаларды конституциялық емес деп тану – 14%-ды құрайды. Бірқатар конституциялық іс жүргізуде заңнамада және оны қолдану практикасында елеулі олқылықтар анықталды, олар туралы Конституциялық Сот өз Жолдауында көрсетеді.

Конституциялық Сот Парламентке Жолдауында анықталған проблемалық мәселелерді шешу қажеттігіне баса назар аудара отырып, Конституцияға сәйкес құқықтық жүйені одан әрі жетілдіру жөнінде ұсынымдар береді.

Өз кезегінде ҒКК мүшелері жоғарыда келтірілген талдау азаматтар білдірген проблемаларға уақытында ден қоюды қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыруға сөзсіз ықпал ететінін атап өтті.