Самарқандта Орталық Азиядағы конституциялық әділет жүйесін жетілдіру жолдары талқыланды

Самарқандта Орталық Азиядағы конституциялық әділет жүйесін жетілдіру жолдары талқыланды

ҚР Конституциялық Соты судьясы Еркін Оңғарбаев бастаған қазақстандық делегация Самарқандтағы «Орталық Азия елдеріндегі конституциялық шағым институтының үлгілерін дамыту үрдісі» атты халықаралық конференцияның жұмысына қатысты.

Іс-шараны Өзбекстанның Конституциялық Соты мен Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиясы (Венеция комиссиясы) ұйымдастырды.

Е.Оңғарбаев қатысушыларды Қазақстан Конституциялық Сотының қызметі мен ерекшеліктері туралы хабардар етіп, оның жұмысы ұлттық мүдделерді ескере отырып, адам құқықтарын қорғау және құқық үстемдігі саласындағы халықаралық стандарттарды сақтауға негізделгенін атап өтті.

«Қазақстанда біз өз қызметінің негізін демократия, адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігі қағидаттарын қалаған Венеция комиссиясымен ынтымақтастықтың маңыздылығын мойындаймыз және бағалаймыз», - деп атап өтті Оңғарбаев.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация басшысы конференцияға қатысушыларды Астанада 2023 жылдың соңына жоспарланған «Конституциялық Сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференцияға» қатысуға шақырды.

Соңында қатысушылар Орталық Азия мен әлемде конституциялық әділет жүйесін жетілдіру мақсатында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.