
Азамат Конституциялық Сотқа жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар әкімшілік соттардың соттылығына жататыны белгіленген Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің 102-бабының екінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін қарауды сұрады.
Бұған дейін сот өтініш берушіден оның сотталған азамат екенін ескеріп, талапкер (сотталған) мен жауапкер арасындағы қатынастар жария-құқықтық қатынастарға жатпайтындығына байланысты жазасын өтеу жағдайында еңбек ету құқығын іске асыру бойынша талап-арызды қабылдаудан бас тартқан.
Конституциялық Сот өтініш авторының, Бас прокуратура, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, Ішкі істер және Әділет министрліктерінің ұстанымдарын тыңдады.
Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық Заңның 65-бабына сәйкес жарияланатын болады.