
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Конституциялық Сотқа жүгінді.
Өтініш субъектісі «Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының нормаларын халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдерін орындау тәртібіне қатысты қолданыста ресми түсіндіру туралы» Конституциялық Кеңестің 2009 жылғы 5 қарашадағы № 6 нормативтік қаулысының 2 және 4-тармақтарына түсініктеме беруді сұрады.
Отырыс барысында Конституциялық Сот сауда және интеграция, әділет, сыртқы істер министрліктері мен Бас прокуратура өкілдерінің ұстанымдарын тыңдады.
Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық Заңның 65-бабында көрсетілген дереккөздерде жарияланатын болады.