Конституциялық Сот Астананы көгалдандыруға үлес қосты: 100-ден астам көшет отырғызылды

Конституциялық Сот Астананы көгалдандыруға үлес қосты: 100-ден астам көшет отырғызылды

Төраға Эльвира Әзімова бастаған Конституциялық Сот судьялары мен Аппарат қызметкерлері «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысты. Перинаталдық орталықтың аумағында, Бейбітшілік және келісім сарайы ғимаратының жанында және Мәңгілік ел даңғылында шыршаүйеңкі және шие сияқты 100-ден астам аязға төзімді көшеттер отырғызылды.

«Бұл ағаштар әрбір адам үшін, әсіресе балалар үшін қолайлы және қауіпсіз ортаның маңыздылығын білдіре отырып, өсіп, гүлдейді деп үміттенеміз. Тұрақтылық пен қауіпсіздік, келісім мен бейбітшілік адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуы үшін маңызды шарттар болып табылады», - деп атап өтті Әзімова.

Бейбітшілік және келісім сарайының жанына ағаш отырғызу акциясына «Тұрақты даму» жер қоры» жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілері болып табылатын Астананың жас тұрғындары қатысты.

КС Төрағасы жас эко-белсенділермен әңгімелесіп, оларды 1 маусым - Балаларды қорғау күні қарсаңында адамның құқықтары мен бостандықтарын және Қазақстанның мемлекеттілігін қорғау жөніндегі конституциялық сот төрелігін жүзеге асыру қызметімен Конституциялық Сотпен танысу үшін шақырды.