КС-тің Қылмыстық-процестік кодекстің жекелеген ережелерінің конституциялылығын қарау жөніндегі отырысы

КС-тің Қылмыстық-процестік кодекстің жекелеген ережелерінің конституциялылығын қарау жөніндегі отырысы

Конституциялық Соттың азамат В.Е.Порожняктың Қылмыстық-процестік кодексінің 489-бабы бірінші бөлігі 6) тармағы, 490-бабы бірінші бөлігі 2) тармағы және екінші бөлігі ережелерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы өтініші бойынша конституциялық іс жүргізу қатысушыларын тыңдау бойынша отырысы өтті.

Өтініш авторы заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты алдын ала қарау тәртібіне байланысты Қылмыстық-процестік кодекстің көрсетілген нормаларына дау айтады, ол алдыңғы редакциямен салыстырғанда қолданыстағы редакция конституциялық құқықтарға нұқсан келтіреді және Конституцияның 13, 14, 75 және 77-баптарына қайшы келеді деп есептейді.

Конституциялық Сот өтініш субъектісінің (Zoom арқылы қатысты), Жоғарғы Сот, Әділет министрлігі мен Бас прокуратура өкілдерінің ұстанымдарын тыңдады, сондай-ақ отырысқа ҚР Парламентінің өкілдері қатысты.

Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабында көрсетілген дереккөздерде жарияланатын болады.