Қазақстанның Конституциялық Соты Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстанның Конституциялық Соты Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастықты кеңейтуде

Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Әзімова Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сторимен конституциялық іс жүргізу мен адам құқықтарының негізгі мәселелерін талқылады.

Тараптар адам құқықтарын қорғау саласындағы мәселелер бойынша ақпарат және тәжірибе алмасу үшін диалог алаңдарын құрудың маңыздылығын атап өтіп, Конституциялық Сот қызметінің негізгі бағыттарын, сондай-ақ Конституциялық Сотқа жүгінуге құқығы бар азаматтар мен басқа да субъектілердің өтініштерінің жай-күйін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды кеңейту туралы, атап айтқанда конституциялық іс жүргізу шеңберінде Заңның жекелеген нормаларын қарау және адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыру бойынша, атап айтқанда Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдаудың 75 жылдығы шеңберінде сараптамалық қорытындылар беру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.