
Конституциялық Соттың азамат Қ.Қ.Дүйсембиевтің өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағына «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-1-бабы 3-тармағының және 44-бабы 4-тармағының, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 1-тармағының сәйкестігін қарау туралы конституциялық іс жүргізуге қатысушыларды тыңдау бойынша отырысы өтті.
Дауланып отырған нормалар Қазақстан Республикасы Сот жюриінің және Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның апелляциялық шағымына қатысты болып отыр.
Конституциялық Сот өтініш субъектісі, ҚР Парламенті Сенаты депутатының, ҚР Жоғарғы Соты мен Жоғары Сот Кеңесінің, Судьялар одағының, сондай-ақ Бас прокуратура өкілдерінің ұстанымдарын тыңдады.
Өтінішті қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Соттың нормативтік қаулысы заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесінде, Конституциялық Соттың интернет-ресурсында, сондай-ақ басқа да әлеуметтік арналарда жарияланады.