
Конституциялық Сот жас заңгерлермен ақпараттық-ағартушылық жұмыс аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы үшін интерактивті дәріс өткізді.
Шараға Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Әзімова және орынбасары Бақыт Нұрмұханов қатысты, дәрісті жүргізген Конституциялық Соттың судьясы, заңгер-ғалым Еркін Оңғарбаев.
Судья университет студенттеріне Қазақстандағы Конституциялық Сот төрелігінің дамуы, конституциялық бақылау органының қалыптасу тарихы, сондай-ақ жұмыс істеу тетіктері және Конституциялық Соттың барлық республика аумағында заңдылықты қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтып берді. Пікірталасқа 100-ден астам студенттер мен профессорлар белсене қатысып, сұрақтарына жауап алды.
Айта кеткен жөн, ағымдағы жылдың ақпан айында Конституциялық Сот пен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Әзімова университет ректоры Е.Б. Сыдықовқа Конституциялық Соттың кітап қорын толықтыруға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Бұл шара құқық саласында жоғары білікті кадрларды даярлау және қалыптастыру ісінде еліміздің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетті.
КС телеграмм-арнасы - https://t.me/ConstitutionalCourt_KZ