Конституциялық Сотқа келіп түскен өтініштердің жай-күйі туралы ақпарат

Конституциялық Сотқа келіп түскен өтініштердің жай-күйі туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша осы органға жүгіну құқығы бар субъектілерден 2021 өтініш келіп түсті.

Қазіргі уақытта 319 өтініш қарауда. Конституциялық іс жүргізуге 12 өтініш қабылданды, тағы 32 өтінішті судьялар алдын ала зерделеуде.

Өтініш берушілер негізінен соттардың шешімдерімен келіспеу – 44%, нормативтік құқықтық акті немесе оның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану – 23%, ақпаратқа қол жеткізу – 3,6%, еңбек және зейнетақымен қамсыздандыру – 2,3%, қылмыстық-атқару жүйесі - 1,5% және өзге де мәселелер бойынша жиі жүгінгені көрінеді.

Осы аралықта азаматтардың өтініштері бойынша төрт нормативтік қаулы шығарылды. Атап айтқанда, Конституциялық Сот Салық кодексінің, Қылмыстық-атқару кодексінің, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың жекелеген нормаларын Конституцияға сәйкес емес деп таныды. Сондай-ақ, зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның жекелеген нормаларын Конституциялық Сот берген түсіндірмеде Конституцияға сәйкес келеді деп таныды.

Өтініштердің басым бөлігі Астана және Алматы қалаларынан, Қостанай, Қарағанды облыстарынан келіп түсті.