
Ағымдағы жылдың 28 наурызында азамат М. өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 146-бабының екінші бөлігінің үйқамаққа байланысты шектеулерге қатысты бөлігінде Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы Конституциялық Соттың отырысы өтті.
Процесс барысында азаматтың мүддесін адвокаттар Утебеков Д.Н. және Өтесін А.А. білдірді.
Конституциялық Сот өтініш субъектісі өкілдерінің, Парламент Сенаты депутатының, мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ тәуелсіз сарапшының позицияларын тыңдады.
Өтінішті қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Соттың нормативтік қаулысы заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесінде, Конституциялық Соттың интернет-ресурсында, сондай-ақ басқа да ақпарат арналарында жарияланатын болады.