
Эльвира Әзімованың төрағалығымен Конституциялық Соттың азаматтардың өтініштерін конституциялық іс жүргізуге қабылдау жөніндегі отырысы өтті.
Конституциялық Сот судьяларының дауыс беруімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, Азаматтық, Әкімшілік құқық бұзушылық және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстерінің, сондай-ақ «Соттардың бала асырап алу жөніндегі заңнаманы қолдану практикасы туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының жекелеген нормаларының Конституцияға сәйкестігіне қатысты азаматтардың үш өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдау туралы шешім қабылдады.
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңына сәйкес материалдарды дайындау жұмыстары басталды.
Заңнамада белгіленген азаматтардың өтініштеріне қойылатын шарттарға сәйкес келмейтін және нысанасы Конституциялық Соттың құзыретіне жатпайтын екі өтініш бойынша конституциялық іс жүргізуге қабылдаудан бас тартылды.
КС телеграмм-арнасы - https://t.me/ConstitutionalCourt_KZ