
Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Әзімова мен Конституциялық Соттың судьялары АХҚО Халықаралық төрелік орталығының төрағасы Томас Крюммельмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде бірлескен іс-шаралар өткізу, сараптамалық қолдау және тәжірибе алмасу, оның ішінде сот ісін жүргізудегі медиация және медиа-ресурстармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.
Сонымен қатар, жастар арасында конституциялық және халықаралық жеке құқық, Қазақстан Конституциясымен кепілдендірілген кәсіпкерлік қызмет бостандығы мен бірігу бостандығы туралы білімді ілгерілету мәселелері талқыланды.