Конституциялық Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің бірінші отырысы өтті

Конституциялық Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің бірінші отырысы өтті

Конституциялық Сот судьялардың қатысуымен Ғылыми-консультативтік кеңестің (ҒКК) бірінші ұйымдастырушылық отырысы өтті.

Отырыста ҒКК мүшелерінің сарапшы ретінде Конституциялық Соттың еліміздегі заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы Жолдауын талқылауға, конституциялық іс жүргізу шеңберінде сараптамалық қорытындылар беру және басқа да өзекті құқықтық мәселелерді талқылауға қатысу мәселелері талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, ҒКК құрамына еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 36 ғылыми қоғамдастық өкілі кіреді, олардың 32-сі заң ғылымдарының докторлары болып табылады.