
Құрметті арулар!
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл мереке - әйелдің сұлулығы мен үйлесімділігінің, аналық махаббат пен жылулықтың, көктем мен табиғаттың символы.
Бүгінгі таңда табанды тұлғалық дамуының, еңбегі пен білімінің, жақындарының қолдауы және өз шешімінің арқасында әйелдер көшбасшы, азаматтық белсенді, ғалым, музыкант, дәрігер, кәсіпкер, педагог, заңгер, қаржыгер, әскери қызметші, әлеуметтік қызметкер болып табылады, әртүрлі салаларда басқа да жұмыстарды атқаруда.
Әйелдер мен қыздарды қолдау, оларға тең құқықтар мен мүмкіндіктер беру инклюзивті және тұрақты демократиялық қоғамның көрсеткіші болып табылады.
Сіздердің отбасының, қоғамның және мемлекеттің дамуындағы, жас ұрпақты тәрбиелеудегі орындарыңыз бен ықпалдарыңыз сөзсіз бағалы.
Сіздердің әрқайсыларыңызға денсаулық пен бақыт, кәсіби табыс және алға қойған мақсаттарыңызға жетуді тілейміз.
Ізгі тілекпен, ҚР Конституциялық Соты