
Кездесу барысында тараптар ұлттық және халықаралық деңгейде заң үстемдігі мен адам құқығын қамтамасыз ету және сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Эльвира Әзімова әріптесімен Конституциялық Сот қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпаратпен бөлісті. Осы құқықтық институтқа түсіп жатқан өтініштерді қарау кезеңдеріне нақтырақ тоқталып өтті
Өз кезегінде, Фробарт мырза сараптамалық әлеуетті нығайтуға және ЕҚЫҰ-ның заң үстемдігі мен адам құқықтары саласындағы халықаралық зерттеу материалдарына қолжетімділікке жәрдемдесуде белсенді өзара іс-қимылға дайын екендігін айтты.
КС-тың Телеграмм-арнасы - https://t.me/ConstitutionalCourt_KZ