Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Парламентінің бір топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Соттың отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде.
Конституциялық Соттың шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.