
4 қаңтарда Республика Президенті Қ.К. Тоқаев Конституциялық Сот құрамымен кездесті.
Мемлекет басшысы атап өткендей, жыл басынан Конституциялық Сот өз жұмысына кірісті. Ол Конституция нормаларын қатаң және мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ететін болады. «Конституциялық Соттың қызметі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға лайықты үлесін қосатынына сенемін», деді Президент.
Конституциялық Сот Төрағасы Э. Азимова жаңа орган қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері жайлы хабардар еті. Оның айтуынша, конституциялық бақылау органына жүгіну субъектілерінің тізімін кеңейтуді, оған азаматтарды енгізуді, елімізде пәрменді түрде жүзеге асырылып келе жатқан «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының құрамдас бөлігі ретінде қарастырған жөн. «Біз сенімді, қоғам сұраныстарын және мемлекет қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін аянбай еңбек етеміз», деп қорытындылады Конституциялық Сот Төрағасы.
Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық Соттың жаңа әкімшілік ғимаратын аралап, тағайындалған судьялармен әңгімелесті.