ТҮРКІ-АЙ отырысы өтті

ТҮРКІ-АЙ отырысы өтті

2022 жылғы 24 желтоқсанда Конституциялық Кеңестің мүшесі Ә. Темірбеков онлайн режимде Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің конституциялық юрисдикциялар конференциясының отырысына қатысты (ТҮРКІ-АЙ).

Іс-шараны Түркия Республикасының Конституциялық Соты ұйымдастырды. 

Оған Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның конституциялық бақылау органдарының басшылары мен өкілдері қатысты. 

Отырысқа қатысушылар конференция Жарғысының жобасын, сондай-ақ ұйымға төрағалық ету және оның бірінші Конгресін дайындау мәселелерін талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Конференцияның Жарғысы қабылданды, оған сәйкес Түркия Республикасының Конституциялық Соты ТҮРКІ-АЙ-ға төрағалық ету миссиясын қабылдады.