
Заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Алданғорұлы Сәрсембаевтың 75 жасқа толуына арналған «Қазіргі халықаралық және қазақстандық құқықтың арақатынасы мен өзара байланысындағы проблемалар» тақырыбында халықаралық құқық бойынша алғашқы ғылыми оқулар өтті.
Конституциялық Кеңестің төрағасы Қ. Мәми мерейтой иесіне құттықтау хатын және іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөзін жолдады, оларды Конституциялық Кеңестің мүшесі Ә.Темірбеков жария етті.
Ғылыми оқулар барысында мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, шетелдік және қазақстандық ғалымдар халықаралық құқықтың өзекті мәселелерін талқылады