Қазақстанда конституциялық бақылау жүйесін қалыптастыру мәселелері талқыланды

Қазақстанда конституциялық бақылау жүйесін қалыптастыру мәселелері талқыланды

2022 жылғы 19 желтоқсанда Конституциялық Кеңестің мүшесі Ә.Темірбеков және Конституциялық Кеңес Төрағасының кеңесшісі Б.Райысова «Қазақстанда Конституциялық Сотты енгізу-әділ және құқықтық мемлекет құрудағы маңызды қадам» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты.

Іс-шараны Адвокатура академиясы ұйымдастырды.

Конференция аясында Ә. Темірбеков қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.

Б.Райысова «Конституциялық шағым Қазақстандағы азаматтардың құқықтарын қорғау құралы ретінде» тақырыбында баяндама жасады. Атап айтқанда, спикер өз сөзінде адамның конституциялық құқықтары нормативтік құқықтық актілердің немесе тұтастай алғанда актілердің ережелерімен бұзылған жағдайларда азаматтардың конституциялық іс жүргізуге тікелей қатысуы Негізгі Заңның құқық қорғау әлеуетін кеңейтуге, оның тікелей әсерін барынша тиімді пайдалануға және қазақстандықтардың құқықтық мәдениетін нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, спикер отандық конституциялық бақылауды қайта құру тұрғысынан конституциялық іс жүргізуге қатысушы ретінде азаматтар мен заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кезінде көмек көрсету миссиясы болып табылатын адвокатура институтының ерекше рөлін атап өтті.

Іс-шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, азаматтық қоғам институттарының, сондай-ақ шетелдік конституциялық бақылау органдарының өкілдері қатысты.