
2022 жылғы 13 желтоқсанда Конституциялық Кеңестің мүшесі Ә. Темірбеков Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Жаңа Қазақстан: даму перспективалары мен қазіргі заманның сын-тегеуріндері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Іс-шараны "Нархоз университеті" КЕАҚ ұйымдастырды.
Ә. Темірбеков өз сөзінде елімізде конституциялық бақылауды жүзеге асыру саласында жүргізіліп жатқан конституциялық реформа туралы айтып берді.
Конференцияға мемлекеттік органдардың, Қазақстанның және шет елдердің ғылыми қоғамдастығының өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ жетекші ұлттық және халықаралық ұйымдар мен бизнестің өкілдері қатысты.