Конституциялық Кеңес жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің отырысы

Конституциялық Кеңес жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің отырысы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің отырысы өтті.

Отырысты аша отырып, Конституциялық Кеңестің Төрағасы     Қ. Мәми оның елімізде Мемлекет басшысы бастамашылық еткен конституциялық реформаны жүзеге асыру кезеңінде өтіп жатқанын атап өтті. Өзгерістердің ішінде азаматтардың конституциялық шағым институтын енгізе отырып, Конституциялық Соттың құрылуына ерекше мән берді. Бұл Қазақстанның конституциялық бақылау органының дамуындағы жаңа кезең, - деді Конституциялық Кеңестің Төрағасы.  

Отырыс шеңберінде қатысушылар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және оның конституциялық-құқықтық негізін дамыту, сондай-ақ конституциялық ережелер шеңберінде қылмыстық құқық ғылымы мен саласының эволюциясы мәселелерін талқылады.

Конституциялық Кеңес Төрағасының кеңесшісі Б.Райысова, Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, заң ғылымдарының докторлары И.Борчашвили және Қ.Балтабаев баяндамалар жасады.

ҒКК мүшелері Конституциялық Кеңестің Негізгі Заң құндылықтарын іске асыруға қосқан елеулі үлесіне ерекше назар аударды.

Отырыс соңында ҒКК-нің 5 жылдағы жұмысының қорытындысы шығарылды. Қатысушылар конституциялық бақылауды жүзеге асыруда құқық ғылымының жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік беретін осы консультативтік органның тиімділігі мен қажеттілігін атап өтті.   

Халықаралық Адам құқықтары күні және Тәуелсіздік күні қарсаңында ҒКК мүшелері, профессорлар С.Идрышева,                                Р.Нұртаев және А.Сәбитова «Конституциялық заңдылықты қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Отырысқа Конституциялық Кеңестің, Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері және Конституциялық Кеңес Аппаратының қызметкерлері қатысты.