
2022 жылғы 26 қарашада ағымдағы жылы 20 қарашада өткен кезектен тыс президенттік сайлаудың нәтижесі бойынша сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми түрде Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісуінің салтанатты рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ.Мәми ұлықтау рәсімінің алдында Қазақстан Республикасы Президентінің өз қызметіне Конституцияның 42-бабына сәйкес Қазақстан халқына ант берген сәтінен кірісетінін хабарлады.
Іс-шараға Конституциялық Кеңестің мүшелері қатысты.
https://www.instagram.com/reel/Claah37IHB3/?utm_source=ig_web_copy_link