
2022 жылғы 25 қарашада Конституциялық Кеңестің мүшесі Меркель И.Д. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысына қатысты.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ халықаралық Адам құқықтары күніне арналған іс-шаралар туралы ақпаратты тыңдады.