
2022 жылғы 28 қазанда Конституциялық Кеңес Аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты Н.Кресс онлайн режимде Сыртқы істер министрлігі жанындағы Консультативтік-кеңесші орган «Адам өлшемі бойынша диалогтық платформа» отырысына қатысты.
Отырыста Қазақстан Республикасына сапарлардың қорытындылары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы рәсімдерінің ұсынымдарын орындау, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды сақтаудың негізгі проблемалары бойынша мәселелер қаралды.
Жиынға Парламент Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, азаматтық сектордың, жастар үкіметтік емес ұйымдарының, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.