Қазақстан Республикасы Күніне арналған салтанатты жиналыс

Қазақстан Республикасы Күніне арналған  салтанатты жиналыс

2022 жылғы 22 қазанда Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.

А. Дауылбаев Конституциялық Кеңес Төрағасы Қ. Мәми атынан Конституциялық Кеңес құрамы мен Аппарат қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

Ол атап өткендей, «25 қазан – еліміз үшін ерекше тарихи маңызға ие мереке, өйткені бұл күні орын алған оқиғалар мемлекетіміздің дамуына айтарлықтай әсер етті. Тәуелсіздік жылдары ішінде біздің еліміз халықаралық аренадағы позициясын нығайтты, бейбіт сүйгіш және ашық мемлекет,  жаһандық және өңірлік істерде сенімді әріптес ретінде орнықты».

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Конституциялық Кеңес мүшесі мен Аппарат қызметкерлері  мемлекеттік наградалармен, сондай-ақ ведомстволық медальдармен наградталды.

Атап айтқанда, экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беру ісін дамытуға сіңірген еңбегі, мемлекеттік органдардағы мінсіз қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін «Құрмет» орденімен Конституциялық Кеңес мүшесі Унзила Шапак наградталды, экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі және мемлекеттік қызметтегі еңбек жетістіктері үшін Аппараттың бас консультанты Нигора Шаукатқызы Марипова наградталды.

Конституцияның үстемдігін  қамтамасыз етуге сіңірген еңбегі,  конституционализмнің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалімен келесі қызметкерлер: Б.А. Райысова – Конституциялық Кеңес Төрағасының Кеңесшісі; А.Б. Рахимбекова –бөлім меңгерушісі, Р.Я. Уәлиева, Н.Ж. Тасболатов – бөлім меңгерушісінің орынбасарлары наградталды.

Төрағалық етуші барлық қызметкерлерді алған наградаларымен құттықтап, мұндай жоғары баға оларды жаңа жетістіктерге ынталандыратынына сенім білдірді.