
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Қоғам мен мемлекеттің трансформациясы жағдайындағы конституциялық бақылау эволюциясы» тақырыбындағы Халықаралық дөңгелек үстел материалдарының жинағы жарық көрді.
Жинаққа конституциялық шағымның үлгілері, конституциялық сот ісін жүргізу негіздері, конституциялық соттардың шешімдерін орындау тәртібі және конституциялық соттар қызметінің т.б. теориялық және практикалық аспектілерін ашатын форумға қатысушылардың баяндамалары енгізілген.
Жинақтың электронды нұсқасымен Конституциялық Кеңестің сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/article/details/99110?lang=ru