Халықаралық қысқа курстар «Бейбітшілік, демократия және сайлау»

Халықаралық қысқа курстар «Бейбітшілік, демократия және сайлау»

5-6 қазан 2022 жыл. Конституциялық Кеңес Аппараты Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі меңгерушісінің м.а. Н. Ш. Марипова Индонезиядағы Азия конституциялық соттары мен баламалы институттар қауымдастығын жоспарлау және үйлестіру жөніндегі Хатшылық ұйымдастырған "Бейбітшілік, демократия және сайлау" халықаралық қысқа курстарының жұмысына қатысты.

Н. Марипова "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытынды шешімдеріндегі сайлау құқығы мәселелері" тақырыбында баяндама жасады.

Іс-шараға қатысушылар-Корея, Малайзия, Моңғолия, Мьянма, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Филиппин делегациялары Индонезия Конституциялық Соты судьяларының Конституциялық Соттың құқықтық мемлекеттегі әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудегі рөлі туралы дәрістерін тыңдады, сондай-ақ бейбітшілік, демократия және сайлау мәселелерімен байланысты елдердің конституциялық бақылау органдарының озық тәжірибелерімен бөлісті.