
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Конституциялық Кеңес мүшесі Меркель И.Д. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысына қатысты.
Комиссия отырысында Қазақстан Республикасындағы адвокатура институтының құқық қорғау әлеуетін дамыту мәселелері, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің тыс жерлерде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын қорғауды және оларға қамқорлық жасауды қамтамасыз етудегі қызметі қаралды.
Отырысқа мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.