
2022 жылғы 29 қыркүйекте Конституциялық Кеңестің мүшесі У. Шапак Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысына қатысты.
Жалпы отырыста «Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қараудың сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 25 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына азаматтық және азаматтық процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жобалары қаралды.
Отырысқа Жоғарғы Соттың судьялары және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.