Азиялық конституциялық соттар Қауымдастығының 10-шы жазғы мектебі

Азиялық конституциялық соттар Қауымдастығының 10-шы жазғы мектебі

2022 жылғы 21-24 қыркүйекте Конституциялық Кеңес Аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты және сарапшысы А. Мукушева және Ю.Верченко Азияның конституциялық соттары және балама институттары Қауымдастығы (AAКC)  Жазғы мектебінің «Негізгі құқықтар мен бостандықтарды қорғау контекстінде Конституцияны түсіндіру» тақырыбында оныншы 10-шы бағдарламасына қатысты.

Анкарада өткен шараны AAKC адам ресурстарын оқыту және дамыту орталығы (Түркия Конституциялық соты) ұйымдастырды.

А.Мукушева мен Ю.Верченко «Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру процесінде адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау» тақырыбында баяндама жасады.

Жазғы мектептің жұмысына АІСМ, Әзірбайжан, Албания, Бангладеш, Болгария, Босния және Герцеговина, Грузия, Индонезия, Камерун, Корея, Косово, Қырғыз Республикасы, Малайзия, Моңғолия, Мьянма, Ресей, Румыния, Солтүстік Македония, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Өзбекстан, Украина, Хорватия делегациялары қатысты.