Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтті

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтті

Ағымдағы жылғы 14-15 қыркүйекте Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ.Мәми «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі» тақырыбында өткен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысты.

Форум өркениетаралық және конфессияаралық диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға ерекше үлес қосқан халықаралық алаң ретінде танылған.

VII съезд жұмысына әлемнің 53 елінен 100-ден астам делегация қатысты.