Қ.Мәми Алжирдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісін қабылдады

Қ.Мәми Алжирдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісін қабылдады

Конституциялық Кеңес Төрағасы Қ.Мәми Алжир Халық Демократиялық Республикасының Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі, Алжир Конституциялық Кеңесінің бұрынғы Төрағасы Камал Финиш мырзаны қабылдады.

Елшіні дипломатиялық қызметінің басталуымен құттықтап, оған осы маңызды миссияда табыс тілей отырып, Қ.Мәми екі елдің конституциялық бақылау органдары арасындағы қарым-қатынастардың жемісті дамып келе жатқанын атап өтті.

Кездесу барысында Конституциялық Кеңес Төрағасы қонаққа елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа және Конституциялық Кеңестің шағымдану субъектілерінің тізбесі кеңейтілген Конституциялық Сот болып қайта құрылуы туралы хабардар етті.

Финиш мырза өз кезегінде жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, Алжир мен Қазақстан арасындағы, оның ішінде конституциялық-құқықтық саладағы, ынтымақтастықтың келешегіне сенім білдірді.