Парламент Мәжілісі "ҚР Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Парламент Мәжілісі "ҚР Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "ҚР Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заңның жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Отырысқа Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы Б. М. Нұрмұханов қатысты.

Жалпы отырыста сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы, Прокуратура туралы Конституциялық заңдардың жобалары, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша кейбір конституциялық және өзге де заңнамалық актілерге түзетулер қаралды.