
2022 жылғы 29 тамызда Алматы қаласында «Жайлау» гольф-клубында Қазақстан Республикасының Конституциясы Күніне арналған гольф турнир өтті.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәми құттықтау сөз сөйлеп, жаңартылған Конституция қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғырту үшін негіз қалағанын атап өтті. Бұқаралық спортты және салауатты өмір салтын насихаттау Негізгі Заңда бекітілген конституциялық құндылықтардан туындайды, деді спикер.
Жарысқа қатысушылар қазақстандықтарды Республика Конституциясы Күнімен құттықтап, қоғамның конституциялық мәдениетін арттыру бойынша белсенді қызметі үшін Конституциялық Кеңеске шынайы ризашылықтарын білдірді.