
Ағымдағы жылдың 25 тамызында «Конституция – жаңа Қазақстанның дамуының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараны Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы ұйымдастырды.
Оның жұмысына халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттердің конституциялық бақылау органдарының өкілдері, сондай-ақ белгілі отандық заңгер ғалымдар қатысты.
Тәжікстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Ашурзода Абдулхафиз Абду Тәжікстандағы конституциялық құрылыс саласындағы тәжірибесімен бөлісті.
Форумда Конституциялық Кеңестің мүшесі В.Малиновский сөз сөйлеп, Қазақстанның Негізгі Заңына енгізілген өзгерістерге тоқталды.