«Қоғам мен мемлекетті трансформациялау жағдайындағы конституциялық бақылаудың эволюциясы» халықаралық дөңгелек үстелі

«Қоғам мен мемлекетті трансформациялау жағдайындағы конституциялық бақылаудың эволюциясы»  халықаралық дөңгелек үстелі

2022 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы Күніне арналған «Қоғам мен мемлекетті трансформациялау жағдайындағы конституциялық бақылаудың эволюциясы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шараның тең ұйымдастырушылары Конституциялық Кеңес, Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясы, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті және Нархоз Университеті болып табылады.

Оның жұмысына Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының басшылары, беделді халықаралық ұйымдар, шет елдердің конституциялық бақылау органдарының өкілдері, сондай-ақ белгілі құқықтанушы ғалымдар қатысады.

Ағымдағы жылғы 5 маусымда бүкілхалықтық референдумда Республика Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылданып, оларға сәйкес Конституциялық Кеңес Конституциялық Сот болып қайта құрылады.

Халықаралық дөңгелек үстелге қатысушылар Конституциялық Сот қызметінің құқықтық негіздерін, конституциялық шағым институтын құқықтық реттеудің тұжырымдамалық тәсілдерін, сондай-ақ конституциялық сот ісін жүргізудің ерекшеліктерін және конституциялық бақылау органдары шешімдерінің орындалу мәселелерін талқылайды.

Форум гибридтік режимде М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің (Нұр-Сұлтан қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8) және Нархоз Университетінің (Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55) базасында қатар өтеді.

Ол You-tube арнасы арқылы келесі сілтемелер арқылы таратылады:

Қазақ тілінде: https://studio.youtube.com/video/_bIMXYnhWdI/livestreaming

орыс тілінде: https://studio.youtube.com/video/N36xj6y-Jhw/livestreaming

ағылшын тілінде: https://studio.youtube.com/video/bBqWWCJCgGQ/livestreaming

Басталуы сағат 11.00-де.

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: +77019105808, +77716062435, +77014980432.