
Авторлар ұжымы мүшелерінің жұмыс кездесуі өтті. Оның құрамына Конституциялық Кеңестің мүшесі В.А. Малиновский, Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры және проректоры Ө.Ш. Жалаири мен Э.Э. Дүйсенов кіреді. Кездесуде «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» оқулығын мемлекеттік тілде дайындау шаралары талқыланды.