Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ.Мәми академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті жанындағы "Экономика және құқық" ҒЗИ директоры, профессор, заң ғылымдарының докторы С.М.Жалыбинмен кездесті.
Кездесу барысында С. М. Жалыбин Конституциялық Кеңестің қызметіне арналған "Құқық және экономика мәселелері" Халықаралық ғылыми журналын ресми түрде таныстырды.
Журналда Конституциялық Кеңес Төрағасының "Соттардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне жүгіну практикасы" тақырыбындағы мақаласы ұсынылған.
Ол Конституцияда бекітілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау саласындағы конституциялық бақылауды дамытуды іске асыру мәселелеріне, сондай-ақ құқық қорғау институттарын күшейту бойынша жаңа үрдістерге арналған.
Арнайы басылымға сондай-ақ Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Аппарат басшысының, Төраға кеңесшісінің және Конституциялық Кеңес Аппараты қызметкерлерінің жұмыстары кірді, онда қазақстандық конституциялық бақылау органы қызметінің ерекшелігі егжей-тегжейлі көрініс табады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қ. Мәми С. М. Жалыбинге Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етудегі ерекше еңбегі, конституционализмнің қалыптасуы мен дамуына қосқан қомақты үлесі үшін Конституциялық Кеңестің ведомстволық наградасы - «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медальін табыс етті .
Журнал конституционализмнің теориясы мен практикасына қызығушылық танытатын көптеген адамдарға пайдалы болады.
Халықаралық ғылыми журналға электронды түрде келесі сілтеме бойынша қол жеткізуге болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/article/details/87964?lang=kk